ҚР әділет министрлігі жаңа www.adilet.zan.kz тегін сервисін ұсынды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР әділет министрлігі жаңа www.adilet.zan.kz тегін сервисін ұсынды. «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесі - іздеу веб-жүйесі және ресми көздерден ғана алынған қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің толық электронды жинағы.

ҚР әділет министрлігі жаңа www.adilet.zan.kz тегін сервисін ұсынды

 Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесі - нормативтік құқықтық актілердің жүйеленген жалпыға ортақ тегін қолжетімді мәліметтер базасы. Онда 120 мыңнан астам материалдар; барлық кодекстер, заңдар, жарлықтар, халықаралық шарттар, қаулылар, нұсқаулар және бас да құжаттар орналастырылған. Сайтта сондай-ақ жергілікті деңгейде қабылданған нормативтік құқықтық актілер - мәслихаттардың, әкімдердің және әкімдіктердің шешімдері мен қаулылары да орналастырылған.

Әркім сондай-ақ онлайн режимінде өзінің құқықтарын біле алады және ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныса алады. Халықты толғандырған мәселелер бойынша құқықтық қатынастар саласында талдау жасауды, нормативтік-құқықтық актілерді жинауды және техникалық қолдауды ҚР әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК жүзеге асырады. Оны жаңарту күн сайын  нормативтік-құқықтық актілердің түсуіне қарай жүргізіліп отырылады.