ҚР Әділет министрлігі журналистер арасында байқау жариялады

Конкурстың негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сана-сезімін және құқықтық ақпараттандырылуын арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын барынша шынайы әрі білікті жариялау болып табылады.
Конкурс қорытындысы мынадай негізгі төрт номинация бойынша өткізіледі:
- 1. «Телеарнадағы ең үздік видеоматериал»;
- 2. «Газеттер мен журналдағы ең үздік жарияланым»;
- 3. «Радиодағы ең үздік материал»;
- 4. «Ақпарат агенттіктерінің желісінде орналастырылған ең үздік материал».
Негізгі номинациялар бойынша конкурс тақырыптары мынадай:
- 1) әділет органдарының құқық түсіндіру жұмысы шеңберінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру;
- 2) Республиканың құқықтық тақырыпқа арналған негізгі бағдарламалық құжаттарын (Құқықтық саясат тұжырымдамасы, Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі бағдарлама және т.б.) түсіндіру.
Сонымен қатар, 4 ынталандыру номинациялары көзделген:
1) «Шығармашылық белсенділігі үшін» - құқықтық тақырыпқа бейімділігі және әділет органдарының жұмысын насихаттайтын материалдар санының көптігі үшін;
2) «Тұлға» - үздік сұхбаты немесе портреттік бейнелеуі үшін;
3) «Тығыз ынтымақтастық» - әділет қызметкерлері мен журналистердің азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шаралары туралы ең үздік материал үшін;
4) «Құқықты білу - лайықты өмір» - азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыратын материалдарды баспасөз БАҚ-та, ақпарат агенттіктерінің желісінде, радио немесе телевидениедегі бағдарламалар циклінде ең үздік жариялау үшін.
Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылғы 15 шілдеден бастап 14 қараша аралығында басылымдарда жарияланған және өңірлік немесе республикалық теле-радио эфирлерінде шыққан және ақпарат агенттіктерінің желісінде орналасқан, кез келген жанрдағы қазақ және орыс тіліндегі теле, аудио, баспасөз материалдары қабылданады:
Жұмыстарды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама берілген күннен бастап мына мекенжай бойынша қабылдайды: индекс 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (телефондар: 74-06-01, 74-08-58, электронды пошта адресі: [email protected] , ҚР Әділетминінің веб-сайты - www.minjust.kz)
Конкурс республикалық, облыстық, қалалық баспасөз басылымдарының, теле-радио компанияларының журналистері үшін ашық.
Конкурс жеңімпаздары лауреаттар дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен не ақшалай сыйақымен марапатталады.
Конкурс туралы толық ақпаратты Әділет министрлігінің www.minjust.kz сайтынан табуға болады.