ҚР Әділет министрлігіне 2013 жылға заңнамалық жұмыстар жоспарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов ҚР Әділет министрлігіне 2013 жылға негізделген заңнамалық жұмыстар жоспарының сапалы және мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.

ҚР Әділет министрлігіне 2013 жылға заңнамалық жұмыстар жоспарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды

«Сонымен қатар мемлекттік органдардың заң шығару қызметіндегі үйлестіруді күшейту керек»,-деп атап өтті Премьер-Министр.

Осы орайда Үкімет басшысы бұл саланың жұмыстары жеңіл емес екендігін айта келе: «Үкіметтің заң жобалау қызметі Парламент, Президент Әкімшілігі тарапынан негізді сынға ұшырап жатады. Сондықтан да осы мәселеге барлық мемлекеттік органдардың басшыларына айрықша назар аударуды тапсырамын»,-деді С. Ахметов.

ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, Үкіметтің 2011 жылғы 30 желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында Парламент Мәжісіне 34 заң жобасын енгізу көзделген. Биылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша Мәжіліске 26 заң жобасы енгізілген, оның бесеуіне Мемлекет басшысы қол қойды. Осы жылдың аяғына дейін Мәжіліске тағы да 7 заң жобасын енгізу қажет. Ағымдағы жылға жоспарланған 34 заң жобасынан екеуі алынып тасталды.