ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Бүгін ҚР Әділет министрі Рашид Т.үсіпбеков ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің жаңа төрағасы Марат Сексембаевты таныстырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Бұл лауазымды атқарған Әмірхан Аманбаев бұдан бір ай бұрын 2010 жылғы маусымның 1-інде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Марат Исламханұлы Сексембаев 1979 жылы Арқалықта туған, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек қызметін 2000 жылы прокуратура органдарында бастады.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды.

Соңғы жаңалықтар