17:46, 29 Желтоқсан 2014 | GMT +5
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжат мемлекеттік басқару жүйесінде жүргізілген реформаға және 2014 жылы қабылданған жаңа заңдардың нормаларына жаңа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ережелерін сәйкес келтіруге бағытталған.