ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының қатысуымен Интернет-конференция өтеді
АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат – Мамырдың 26-сында www.bnews.kz бизнес-порталында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің қатысуымен Интернет-конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Интернет-конференцияның тақырыбы ? Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларды дамыту.Интернет-конференция он-лайн режімінде 2009 жылғы мамырдың 26-сында сағат 17:00-ден 19:00-ға дейін өтеді. Сұрақтар 2009 жылғы мамырдың 26-сына, сағат 12.00-дейін www.bnews.kz порталында қабылданады.