ҚР алыс елді мекендерінде әлеуметтік төлемдер тағайындауға құжаттар қабылдау мамырда басталады - ДСӘДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы мамыр айынан бастап аудан орталықтарынан алыс елді мекендерде тұратын азаматтар үшін «Қазпошта» АҚ және мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарының көмегімен әлеуметтік төлемдер тағайындауға құжаттар қабылдау ұйымдастырылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде.

ҚР алыс елді мекендерінде әлеуметтік төлемдер тағайындауға құжаттар қабылдау мамырда басталады - ДСӘДМ

«2015 жылғы мамыр айынан бастап аудан орталықтарынан алыс елді мекендерде тұратын азаматтар үшін «Қазпошта» АҚ және мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің мүгедектікті белгілеуіне құжаттарды қабылдайды», - делінген хабарламада.

Министрлікте түсіндіргендей, азаматтарға қызметтер көрсету, - құжаттарды қабылдау және есепшот ашу - олардың тұратын жерлеріне барып көрсетіліп, жайлылық пен оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметке кететін шығын мен уақытты үнемейді.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта 1 млн. 191,8 мың адам немесе ел тұрғындарының 15,4% Халыққа қызмет көрсету орталықтары және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде тұрады.