ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің бұйрығымен Ержан Айнабеков ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы тағайындалды

Е. Айнабеков - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғалым агроном. 

ҚР АШМ құрылымындағы еңбек қызметін 1999 жылы министрліктің аумақтық басқармасынан бастады. 2001-2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында министрліктің аумақтық басқармасына басшылық етті. Кейін М. Жұмабаев атындағы ауданды, содан соң СҚО-ның Айыртау ауданын басқарды. 

2010 жылдан бастап министрлік құрылымына қайта оралып, АӨК-тегі МИК-тің Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясына жетекшілік етті. 

2013  жылдан бастап ҚР АШМ АӨК-тегі МИК-тің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ басшысы болып қызмет істеді. 

Е. Айнабеков мерейтойлық медальдармен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталған.