ҚР АШМ: Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілді
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 2 қазандағы №1-3/490 бұйрығымен ҚР АШМ ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілді.
ҚазАқпарат осы құжаттың мәтінін жариялайды.
***
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Жерсіндіруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марка бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Бекітілген лимит негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) «Астықты экспорттаушыға астықтың мемлекеттік ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астықты экспорттаушылардың сақтауы туралы растамауды беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
15) «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
16) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
17) «Тұқым сапасына сараптама жүргізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегия және корпоративтік даму департаменті (С.Н. Ыбыраев) Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаментімен (А.Б. Құсайнова), АӨК мемлекеттік инспекция (С.С. Хасенов), Ветеринариялық бақылау және қадағалау (Н.Х. Жақыпбаев), Орман және аңшылық шаруашылығы (Е.Н. Нысанбаев) және Балық шаруашылығы (К.Ғ. Тейлянов) комитеттерімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. МАМЫТБЕКОВ.
Бұйрықтың толық мәтіні ресми БАҚ-тарда жарияланды.