ҚР АШМ Азық-түлік корпорациясы қорынан өңірлерге астық пен ұн қорын жеткізу меморандумының сақталмау себептерін талдауды ұсынды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Ауылшарашылығы министрлігі Азық-түлік корпорациясы қорынан өңірлерге астық пен ұн қорын жеткізу меморандумының сақталмау себептерін талдауды ұсынды. Бұндай ұсынысты бүгін бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Евгений Аман жасады.

ҚР АШМ Азық-түлік корпорациясы қорынан өңірлерге астық пен ұн қорын жеткізу меморандумының сақталмау себептерін талдауды ұсынды

«Азық-түлік корпорациясы» АҚ қорынан өңірлерге бекітілген айлық астық пен ұн қорын жеткізу меморандумының өңірлік операторлар тарапынан орындалуы төмен болып отыр. Бұл тұрақтандыру қорынан алынған көлемдерге төлем жасаудың, сондай-ақ сәйкесінше астықты сұрыптаудың баяу әрі толық көлемде жүрмеуіне себеп болып отыр», - деді Жауапты хатшы.

Е.Аманның айтуына қарағанда, қазан айында меморандумда қарастырылған астық көлемінің 3,4 пайызын Жамбыл, 6,4 пайызын Маңғыстау, 14,4 пайызын Атырау, 20,4 пайызын Қызылорда облыстары алған.

«Ұн мен нан бағасының тұрақтылығын сақтаудың әлеуметтік жағын есепке ала отырып, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ы мен облыс әкімдіктері бірлесіп қол қойылған меморандумдардың сақталмау себептеріне талдау жасау ұсынылады», - деді Жауапты хатшы.