ҚР АШМ басшысының облыстар және бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерін субсиядауға қаражаттарыды бөлу туралы бұйрығына өзгертулер енгізілді

оқсан. ҚазАқпарат - «Облыстар және cубсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілді.

ҚР АШМ басшысының облыстар және бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерін субсиядауға қаражаттарыды бөлу туралы бұйрығына өзгертулер енгізілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 8 желтоқсан №08-2/709 Астана қаласы

«Облыстар және cубсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 08-2/291 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №252 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасының 7-тармағына сәйкес, бұйырамын:

1. «Облыстар және cубсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық

бюджетте көзделген қаражатты бөлуін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7034 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 27 қазандағы №517 жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №08-2/291 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген облыстар бөлінісінде және субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Б.Қ.Насырханова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін (М.Т.Өмірияев).

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Министр А.МАМЫТБЕКОВ.

ҚР Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 желтоқсанда № 7336 санмен тіркелген.