ҚР АШМ экспортқа, импортқа және транзитке рұқсат беруді ХҚКО арқылы бермек
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 29 мемлекеттік қызмет бойынша стандарттар жобасын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына енгізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Стандарттарды әзірлеу интернет-форумда және құрамына қызмет алушылардың мүдделерін қорғайтын іскерлік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген мемлекеттік қызмет бойынша қоғамдық кеңестердің отырыстарында талқыланды.
Жалпы ҚР АШМ 54 мемлекеттік қызметке жауапты. Қазіргі уақытта, жеке қосалқы шаруашылығы жөніндегі анықтаманы ХҚКО арқылы алуға болады, ағымдағы жылдың соңына дейін тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру қызметінің автаматтандырылуы жоспарлануда. 2013 жылы ҚР АШМ 20-ға жуық мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарлануда.
Мемлекеттік қызметтерді регламенттеу және стандарттау ҚР АШМ бөлімшелерінің жемқорлық деңгейін төмендетеді.
Анықтамалық:
АШМ Қазақстан Республикасы Үкіметтің қарауына ұсынған стандарттар тізімі:
1) Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі;
2) Жануарлар дүниесiнің объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру;
3) Сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсат беру;
4) Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жеке және заңды тұлғаларға аңшылық алқаптарды бекіту бойынша шешім қабылдауы;
5) Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру;
6) Жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жерлердi периметрi бойынша олардың iндерi орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға келiсу;
7) Ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километрден төмен биiктiкте ұшып өтуiне келiсу;
8) Тышқан тұқымды кемiргiштерiн (саршұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, атжалмандарды), сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып жануарлар әлемі объектілерін аулауға келісу;
9) Жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;
10) Балықтарды жерсiндiруге рұқсат беру;
11) Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу;
12) Қазақстан Республикасының сыртқы нарықта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы маркасын бекіт у және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарықта сату үшін маркасын беру;
13) Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлерi мен тәсiлдерiн қолдануға рұқсат етiлген тiзбеге енгiзiлмеген балық аулау жаңа құралдары мен тәсiлдерiн (эксперименттiк аулау ретiнде) қолдануға арналған рұқсат беру;
14) Бекітілген лимит негізінде жануарлар әлемі объектілерін алуға квоталар бөлу»;
15) Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру;
16) Пестицидтерді (улы химикаттарды) іске асыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру;
17) Аэдрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру;
18) Шитті - мақта сапасына куәлік беру;
19) Мақта қолхатын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру;
20) Астықты экспортшыға астықтың мемлекеттiк қорларына астықты жеткізу бойынша мiндеттемелердi астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растау нысанын беру;
21) Астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру;
22) Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
23) Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару жүйесін субсидиялау;
24) Ветеринарлық зертханалар беретін сараптама актiлерiн беру;
25) Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру;
26) Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру;
27) Асыл тұқым туралы куәлікті немесе импортталған тұқымды тауарға (материал) экспорттаушы елдердің құзырлы органдарымен берілген барабар құжаттарды тану;
28) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың болуы/болмауы туралы ақпарат беру;
29) Тұқым сапасына сараптама жүргізу.мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін .