ҚР АШМ: Қазақстан құс етінің импортын төмендетуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кедендік одақ комитетінің мәліметіне сай Қазақстан 2014 жылдың 8 айында 88,3 мың тонна ет импорттаған. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінде хабарланды.

ҚР АШМ: Қазақстан құс етінің импортын төмендетуде

Осы ретте импорттың негізгі бөлігін құс еті алып отыр - 76 329 мың тонна немесе жалпы үлестің 86 пайызы. Құс етін жеткізушілердің қатарына АҚШ (68 пайыз), Ресей (15 пайыз) және Украина (12 пайыз) елдерін жатқызуға болады. Салыстырмалы түрде 2012 жылы Қазақстан 192 мың тонна құс етін импорттаған.

«Импорт құрылымындағы сиыр етінің үлесі шамамен 10,5 пайызды құрайды немесе 9,3 мың тонна көлемінде. Оның 0,4 пайызы салқындатылған сиыр етіне тиесілі, ал қалған 10 пайызы мұздатылған түрде және негізінен қайта өңдеу өндірісіне әкелінеді»,-делінген министрлік мәліметінде.