11:31, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
ҚР АШМ: Көктемгі егіс науқанына техникалар дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отынының көлемі 366 мың тонна мөлшерінде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, ақпан-наурызға баға тоннасына 82 мың теңге деңгейінде бекітілді. Ал жанармай құю стансаларындағы нарықтық баға литріне 99 теңге болып отыр. Операторлардың шығындарын ескергенде аймақтарда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынының орташа бағасы литріне 81 теңгені құрайды.
Қаңтар-наурызға 147 мың тонна дизель отынын жеткізу жоспарланған.
Бұдан бөлек, С. Омаров көктемгі егіс науқанына техниканың әзірлігі мәселесіне тоқталды. 2015 жылдың басына республикада 154 мың трактор, 90 мың дәнсепкіш, 334 мың топырақ өңдеу құралы, 5 мың бүріккіш, 3,4 мың заманауи жоғары өнімді себу кешені бар. Олардың дайындығы 86-93 пайыз шамасында бағаланып отыр.