20:34, 03 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР АШМ Қырғызстанның сүт өндіру кәсіпорындарынан сүт және сүт өнімдерін кіргізуге тыйым салды
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 3 қазанында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Қырғызстанның «Ақ-Сүт» ААҚ, «Қант-Сүт» ЖШҚ, «Бішкек-Сүт» ААҚ, «Урсус» ЖАҚ, «Умут және К» ЖШҚ, «Шин-Лайн»ЖШҚ, «Тууганбаев» ЖК, «Талас-Сут» ЖАҚ, ОсОО «Елимай»ЖШҚ және «Сүт-Бұлақ» ЖАҚ сүт өндіру кәсіпорындарынан сүт және сүт өнімдерін кіргізуге тыйым салды.

Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Шектеу Қырғыз Республикасының ветеринарлық қызметінің қырғызстандық қайта өндіру кәсіпорындары орналасқан жерлерде аусыл бойынша тұрақтылықты растайтын, сондай-ақ қалыптасқан эпизоотикалық жағдайды бағалайтын толық ақпаратты ұсынбағандықтан енгізілді.
Осыған байланысты көрсетілген кәсіпорындардан Қазақстан Республикасына сүт өнімдеріне бұған дейін берілген барлық рұқсаттардың мерзімдері тоқтатылды.