ҚР АШМ мамандардің біліктілігін арттыруға бағытталған жобаны қолға алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осы саламамандарының біліктілігін арттырып, ақпарат алмасуға бағытталған «Жер байлығы» агромектебі жобасын қолға алды, деп хабарлайыды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркісіп кешенін дамыту бойынша қабылданған ұлттық жобаға сәйкес, аграрлық ғылымды дамыту мен мамандар даярлауға ерекше маңыз беріп отыр.

Сондай-ақ ведомствоның алдынла ғылымның нақты өндірістен алшақтығын еңсеру, сондай-ақ оны әлемдегі ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге қайта бағдарлау міндеті тұр.

Осы ретте «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ қолдауымен Қазақстан жүзім, жаңғақ, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын өндірушілер қауымдастығы, «КосАгроКоммерц» ЖШС және «AgriBioTech» ЖШС «Жер Байлығы» АгроМектеп бірегей жобасын жүзеге асырылуда.

Агромектептің жұмысы ауыл шаруашылығының түрлі технологиялары мен бағыттары бойынша ақпарат алмасуға бағытталған. Онда қазақстандық және халықаралық мамандар АӨК саласындағы үздік практикаларды көрсетуге және оқытуға дайын.

«Агромектеп теориялық сабақтарды ғана емес, сонымен қатар ғылыми зертханалар негізінде практикалық сабақтарды да қамтиды. Онда әрбір тыңдаушының семинарларда білімін кеңейтіп, ауыл шаруашылығын кәсіби жүргізу жолында жаңа біліктілікті меңгеруіне мүмкіндік бар. Семинарларға 2022 жылдың 22 наурызына дейін, әр сенбі күндері Алматы және Шымкент қалаларында баруға болады. Кіру тегін. Семинар курсынан өткеннен кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі»,-делінген хабарламада.

Мекен-жайлары:

Алматы қ., Ақсай ш. а., 62 а үй, 21 кеңсе, тел. 8 727 301 34 19, 8 747 911 30 31.

Шымкент қаласы: Жібек Жолы көшесі 392, тел. 8 707 147 56 09, 8 701 351 54 70.

e-mail: [email protected]


Соңғы жаңалықтар