ҚР АШМ өңірлерде АӨК дамытудың 150-ден астам проблемалық мәселелерін қарастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің облыс әкімдіктерімен өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемалық мәселелері бойынша өткізген кеңестер қорытындысы бойынша есеп берді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
None
None

Министрліктің мәліметінше, ағымдағы жылдың 31 тамызынан бастап 21 қыркүйекке дейін ауыл шаруашылығы министрімен іс жүзінде барлық облыс әкімдіктерімен кеңестер өткізілді, 150-ден астам проблемалық мәселелер қарастырылды, оның 80-нен астамы бойынша нақты шешімдер қабылданды және бұл мәселелер кеңес отырысы барысында шешілді, ал 70 мәселе бойынша қосымша пысықтау жүргізіліп жатыр.

Мәселелердің көбісі, атап айтқанда шамамен 45-і ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы мәселелерге, 30-дан астам сұрақ мал шаруашылығы саласын, инвестициялық субсидиялауды және де басқа да бірқатар бағыттарды қосымша қаржыландыру қажеттілігіне, сонымен қатар АӨК субсидияландыру механизмін жетілдіруге байланысты болды.

Олардың біразы кеңес кезінде шешілді және алынып тасталды.

Сонымен жекелеп айтқанда, әкімдіктерге 2016-2017 жылдарда экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шеңберінде, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға қосымша қажеттілік бойынша 2016 жылы сомасы 30,2 млрд теңге болатын бюджеттік өтінім беріліп, ол толық көлемде мақұлданды, сонымен қатар, инвестициялық салым кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау бойынша бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен қосымша шамамен 12,7 млрд теңге бөлінетіні туралы жеткізілді.

«Бүгінгі күні 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылданды, жақын күндері аталған бюджеттік қаражаттар аймақтарға жеткізілетін болады», - деп нақтылады ҚР АШМ-де.

Министрлікте айтып өткендей, жаңа форматтағы кеңестер енді тұрақты негізде өткізілетін болады. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов облыс өкілдерімен аталған кездесулері мәселелерді айтуға ғана емес, сондай-ақ бастысы шешімдер іздеуге бағытталған. Оның үстіне, бұл министрлік пен жергілікті атқару органдары арасында тиімді ынтымақтастық құруға түрткі болады.

Соңғы жаңалықтар