ҚР АШМ: ШҚО Қалбатау ауылының екі тұрғыны түйнеме күдігімен ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылының екі тұрғыны түйнеме болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

ШҚО аумақтық инспекция мәліметтері бойынша, Жарма ауданы, Қалбатау ауылының екі тұрғыны түйнеме болуы мүмкін деген күдікпен Жарма қаласының жергілікті ауруханасына жатқызылған.

«Сойылған сиыр еті аталған елдімекендегі 9 отбасына таратылған. Мал сойған орыннан барлық материалдар алынып, «Республикалық мал дәрігерлік зертхана» РМК (республикалық мемлекеттік кәсіпорны) Семей аймақтық филиалына жіберілді. 21 маусымда «Мал дәрігерлік бойынша ұлттық референттік орталық» РМК-ге жолданды. Сойылған малға вакцина егілген», - деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері Жарма ауданында 6 000 бас мүйізді ірі қара малға, 10 000 бас ұсақ малға, 950 бас жылқы және 250 шошқаға Сібір жарасына қарсы вакцина егілген.

Жануарлардан келген бұл оқыс жағдай облыстық және аудандық аймақтық инспекцияның және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында, деп хабарлады  Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Соңғы жаңалықтар