ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне жаңа төраға тағайындалды

Мереке Тайтубаевты таныстырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
М. Тайтубаев бұған дейін ҚР АШМ Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі басқармасының басшысы қызметінде болды.
Тайтубаев Мереке Құсайынұлы РФ Омбы облысында 1981 жылдың 28 сәуірінде дүниеге келген.
2002 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің ветеринарлық дәрігері мамандығы бойынша тәмамдады.
2002-2004 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған.
Еңбек қызметін 2002 жылдың тамыз айында Ақмола облыстық «Орталық ветеринариялық зертхана» РМК бөлімшесінің Шучье аудандық диагностика орталығының жетекші маманы ретінде бастады.
2003-2007 жж. - «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМҚК Ақмола өңірлік филиалы бактериология бөлімінің меңгерушісі.
2007-2009 жж. - «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» ММ вирусолог дәрігерінен зертхана меңгерушісі қызметтерінде болған.
2009-2010 жж. - «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМҚК Ақмола өңірлік филиалының бас маманы.
2010-2011 жж. - ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік басқарма сарапшысы.
2011-2012 жж. - ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төраға орынбасары.