10:42, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
ҚР АШМ жаңа екі комитетінің төрағалары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде екі комитеттің төрағалары тағайындалды, ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен Ислам Әлмаханұлы Әбішев Су ресурстары комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Министрліктің бұйрығына сай Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып Бағдат Оразалдыұлы Азбаев тағайындалды.
«Азық-түлік келісім-шарты» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Рахмет Ғазизұлы Байнақов ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып сайланды.