ҚР АШМ: Жаңа заңнама ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономика мәселесін шешу арқылы саланы дамытуға мүмкіндік береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнама жобаларын әзірледі, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда республикадағы аграрлық кооперация жөнді дамымай отыр. Қазақстанда кооперация құрамындағы шаруа және фермерлік шаруашылықтардың үлесі 1,5 % аспайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 140 %-ға (АҚШ - 100%, Франция - 100%, Испания - 120%, Нидерланды - 140 % - ЭЫЖҚ және азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының мәліметі) жетеді.
Кооперацияның даму үрдісін тежейтін негізгі себептер: коммерциялық емес формада құрылған ауыл шаруашылығы кооперацияларында пайданы үйлестіру мүмкін еместігі; ауыл шаруашылық серіктестіктерімен суды пайдаланушы ауылдық тұтыну кооперативтері үшін жеңілдетілген несиелендіру мен арнайы салық режимі түрінде мемлекеттік қолдаудың жоқтығы. Бұған қоса, кооперациялардың қызметі ашық емес.
Қазіргі таңда аграрлық кооперация қызметі бес заңмен реттеледі: «Тұтыну кооперативі туралы» ҚР Заңы, «Өндiрiстiк кооператив туралы» ҚР Заңы, «Селолық тұтыну кооперациясы туралы» ҚР Заңы, «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» ҚР Заңы, «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» ҚР Заңы. Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы үш заңның күшін жойып, «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» жаңа заңында заңды және жеке тұлғалардың өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанында ауыл шаруашылық кооперативтерін құруды қарастырып отыр. Құжатқа пайданы бөлу мүмкіндігі, ревизиялық одақтардың (қауымдастықтардың) кооперативтерге тексеріс жүргізу мүмкіндігі және аталған қызметтердың шығындарын субсидиялау. Бұдан басқа шектеусіз барлық аграрлық кооперативтер үшін арнайы салық режимін қолдану ұсынылып отыр.
Ауыл шаруашылығы ұйымы ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер гербицидтерді, ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін алып, машина-трактор паркінің қызметтерін пайдаланып, өзіндік құн бойынша кооперативте өз өнімін қайта өңдеу мүмкіншілігіне ие болады. Сонымен қатар, бірігу есебінен кооператив мүшелері өз табыстарын тауарлардың ірі топтамасы мен ұзақ мерзімді жеткізулерге қатысу арқылы ұлғайта алады.
Мұнымен бірге, ауыл шаруашылығы кооперациясы көлеңкелі экономиканы қысқартуға бағытталған. Көлеңкелі сектордың көп үлесі жеке қосалқы шаруашылықтарда анықталып отыр. Мұнымен, 2013 жылы жеке қосалқы шаруашылықтар мал шаруашылығы өнімінің 75% өндірген, ал ұйымдасқан шаруашылықтар еншісінде - 25%. АӨК көлеңкелі экономиканы сақталуы салық заңнамасының жетілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлығы, тауарлы-логистика инфрақұрылымының дамымағандығынан, бұл өз кезегінде нарықта ұсақ ойыншылар санының өсуіне және өнімнің негізсіз қымбаттауына алып келуде.
Халықаралық тәжірибеге сай ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономиканың мәселелерін шешу - ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту болып табылады. Бұл жеке қосалқы, шаруа және фермерлік шаруашылықтарды және заңды тұлғаларды аграрлық кооперативке біріктіріп, кооперативтер арқылы сауда жүйелерін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ынтамақтастығын құруға негіз болмақ.