ҚР аумағына уақытша әкелу ҚҚС төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды ҚР аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың салық міндеттемесін орындау қағидалары бекітілді

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау қағидалары бекітілді.

ҚР аумағына уақытша әкелу ҚҚС төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды ҚР аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың салық міндеттемесін орындау қағидалары бекітілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 Астана, Үкімет Үйі, 2011 жылдың 30 желтоқсанынан №1733 бұйрық

 Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау қағидаларын бекіту туралы

  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

  Ереженің мәтіні баспасөзде жарияланды.