ҚР аумағында атмосфералық ағымдардың өтуімен байланысты қар жауады - 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - 19 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағы суық антициклонның ықпалында болады, онымен ашық аязды ауа райы күтілуде. Республиканың батыс аудандары арқылы атмосфералық ағымдардың өтуімен байланысты қар жауып, кейбір аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап ҚР ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Маңғыстау облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Алматы, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде секундына 15-20 метрге жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында - кейбір жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, жаяу бұрқасын жүреді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман болады.
Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғып, жаяу бұрқасын жүреді.
Алдағы жақын тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз қату процесі үдей түсіп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Алматы облысының жекелеген өзендерінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты мұз кептелісі болып, су деңгейі көтерілуі ықтимал. Соның салдарынан өзендер арналарынан асып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.
Бұған дейін хабарланғандай, 17-19 қаңтарда Қазақстан аймақтарында күн күрт суытады. Осылайша, 17-19 қаңтар түндері Солтүстік Қазақстан облысында ауаның температурасы 28-33 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
17-19 қаңтардағы түнде Павлодар облысында ауаның температурасы 27-32, кейбір жерлерде 37 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтар түндерінде Ақмола, Қарағанды облыстарында ауаның температурасы 27-32, кейбір жерлерде 37 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
17-19 қаңтар түндерінде Қостанай облысында ауаның температурасы 25-30, кейбір жерлерде 35 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында ауаның температурасы 32-37 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Ақтөбе облысында ауаның температурасы 23-28 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Қызылорда, Алматы облыстарында ауаның температурасы кейбір жерлерде 23-28 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Жамбыл облысында ауаның температурасы кейбір жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
18-19 қаңтарда түнде Оңтүстік Қазақстан облысында ауаның температурасы кейбір жерлерде 25 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.