ҚР Ауыл шаруашылығы министрі «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның жаңа басқарма төрағасын таныстырды

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бүгін «ҚазАгро» Ұлттық бақару холдингі» АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиевті таныстырды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның жаңа басқарма төрағасын таныстырды

Б.Бейсенғалиев бұрын холдинг басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған, деп хабарлайды ҚазАгроның баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрі атап өткендей, холдинг алдында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді қайта жаңғыртудың үлкен міндеті тұр.

Өз кезегінде Б.Бейсенғалиев республиканың жоғарғы басшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтып, Холдинг алдындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтындығын мәлім етті.

Б.Бейсенғалиев 1966 жылы Торғай ауданында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша өте жақсыға бітірген, кейін «заңгер» мамандығы бойынша екінші жоғарғы білім алды. Әр жылдары Қазақстан мен ТМД-ның банк саласының басқару қызметтерінде жұмыс істеген («Қазкоммерцбанк» АҚ, «БанкТұранӘлем» АҚ, «АТФ Банк» АҚ). Экономика ғылымдарының кандидаты. Бірқатар ғылыми мақалалардың авторы. Мемлекеттік марапаттары бар.