20:04, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарында жүр
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Министр «Шығыс-сүт» ЖШС сүт фермасында, «Майлы дақылдар» «Шығыс жылыжай кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде ЖШС және «Өскемен құс фабрикасы» АҚ дайын өнім шығаратын жаңа зауытын ашты және инвестициялық жобалардың тұсаукесері мен АӨК дамытуға арналған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көшпелі кеңесіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында экономиканың аграрлық секторын бұдан әрі дамытуға, әрі осы дамудың арқасында еліміз үшін маңызды тапсырма ? азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты әртараптандыруға барынша көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Бұл тапсырмаларды шешу мақсатында қазіргі уақытта нақты шаралар атқарылуда. Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы нормаларды күшейту аясында заң жобасы әзірленіп, қазіргі күні ол құжат Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауында жатыр. Соңғы жылдарда агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау арқасында елдің азық-түлік қауіпсіздігі едәуір күшейді. Қазір ауыл шаруашылығы белгіленген тұтыну нормативтеріне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың қажеттерін іс жүзінде толық қамтамасыз етіп отыр. Егін шаруашылығында саланы әртараптандыруға, оны ылғал сақтау технологияларын қолдана отырып, кеңінен химияландыруға басты назар аударылып отыр. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жаңа технологияларға көшуге ынталандыруға бағытталған субсидиялау идеологиясы өзгертілді. Ерекше назар майлы және жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру көлемін ұлғайтуға аударылып отыр.Банк саласындағы қиын жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылда көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеуге шамамен 103 млрд. теңге, соның ішінде Ұлттық қордың қаражаты есебінен 83 млрд. теңгеден артық қаржы бөлініп отыр. Мал шаруашылығында басты басымдық орта және ірі тауарлы фермаларды құру жолымен өндірісті ірілендіру, кең ауқымды асылдандыру бағдарламасын іске асыру есебінен ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерінің генетикалық әлеуетін арттыру болып табылады. Мал шаруашылығын жеделдету үрдісін ынталандыру мақсатында құрама жемнің құнын субсидиялау бағдарламасы жалғастырылуда.Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында басты бағдар саланы техникалық және технологиялық жаңарту, өндіріске сапаның халықаралық стандарттарын енгізу және осы негізде ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын сақтау және нығайту ғана емес, сонымен бірге отандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығуы болып қала бермекші. Жалпы алғанда, АӨК салаларын субсидиялау бағдарламасына шамамен 41 млрд. тенге, фитосанитарлық және малдәрігерлік қамтамасыз етуге 18 млрд. теңгедей, ғылыми қамтамасыз етуге ? 6 млрд. теңгеге жуық және жоғарыда айтып өткендей, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеуге - 103 млрд. теңге бөлінді.
Экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және экспортты әртараптандыру бағыты шеңберінде саланың келешегі бар инвестициялық жобаларын қаржыландыру және іске асыру жалғастырылды (жылыжай шаруашылықтары желісін дамыту; тамшылап суару технологиясын қолдана отырып жеміс-көкөніс өнімдерінің тиімді өндірісін ұйымдастыру; құс фабрикаларының желісін құру; сүт-тауарлы фермалардың желісін дамыту; ауыл шаруашылығы техникасын жинау өндірісін құру; инфрақұрылымы дамыған малды бордақылау алаңдарының желісін құру; мал сою орындарын құру бойынша ілкі жоба; бөлшекті ет және вакуумдық орамда ірі кесекті кесімдерді өндіретін етті қайта өңдеу кешендерін ұйымдастыру; биязы жүнді өндіруді және қайта өңдеуді дамыту; қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту). Бұл мақсаттарға дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде 120 млрд. теңге бөлінді.Басымдықты инвестициялық бағыттарды қаржыландыру шеңберінде қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенінің шаруашылық субъектілерінің ауыл шаруашылығы техникасын жинау бойынша өндірісті ұйымдастыру, көкөністерді сақтау қоймаларын құру, құс фабрикасын құру, жылы-жай құру туралы өтінімдері мақұлданды. Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың Шығыс Қазақстан облысына арналған жұмыс сапары ертең, Шемонойха ауданы мен Семей қаласында жалғасады. Ол жерде Ауыл шаруашылығы ведомствосының басшысы жасыл желекті «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватын өрт пен заңсыз ағаш кесуден сақтау және орманды қайта қалпына келтіру жөнінде облыс әкімдері мен құқық қорғау орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді.