ҚР Ауыл шаруашылығы министрі ҰОС ардагерлерімен бірге 28 панфиловшылар атындағы саябаққа гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандар рухына тағзым етті

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Бүгін, сәуірдің 30-ы күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, ҰОС ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен бірге Алматыдағы 28 панфиловшылар атындағы саябаққа гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан қазақстандықтардың рухына тағзым етті.
None
None

Өткенді еске алу үшін мәңгі алаудың жанына 43 тыл еңбеккері мен соғыс ардагері жиналды. Айта кетейік, шараға қатысушылардың барлығы бұрын ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен және сол үшін А.Күрішбаевтың қолынан «Еңбек даңқы» төс белгілерін алған болатын.

Министр, аға буынды Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, оларға денсаулық, ұзақ ғұмыр мен отбастарына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, ардагерлерге концерттік бағдарлама әзірленіп, мерекелік шараның соңында олардың әрқайсысына бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар