ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ыстамбұлдағы V Дүниежүзілік су форумына қатысуда
АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Дүниежүзілік су кеңесімен ынтымақтастықта Ыстамбұлда өтіп жатқан V Дүниежүзілік су форумына қатысуда.
Министр «Климаттың өзгеруі, су ресурстарын басқару және әлеуетті арттыру» тақырыбында баяндама жасап, трансшекаралық су көздерін пайдалану проблемалары туралы, сондай-ақ Аралды құтқару бағдарламасы туралы әңгімелеп береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.