ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуын растау нысанын бекітті
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуын растау нысанын бекітті.
Министр Ақылбек Күрішбаевтың тиісті бұйрығы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді.