16:21, 10 Тамыз 2010 | GMT +5
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне Сақташ Хасенов тағайындалды
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2010 жылғы тамыздың 9-ындағы №811 қаулысымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне Сақташ Сатыбалдыұлы Хасенов тағайындалды.

Бұған дейін ол ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы қызметінде болған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.