ҚР Авиация комитетінің басшысы: Дрондар үшін жеке құрылым қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қазақстандықтардың ұшқышсыз ұшақтар мен дрондарды пайдалануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біз қаламасақ та дрондар өмірімізге дендеп енді. Бір жағынан бұл жақсы да. Бірақ,  қауіпсіздік мақсатында оларды реттеу үшін нормативтік-құқықтық база құру қажет. Оларды қалай тіркеу керек, қандай салмақтан бастап тіркеу керек,  дрондардың ұшуын кім бақылайды деген мәселелерді түсінуіміз керек. Яғни, олардың көрінетін шекте ұшуы бір бөлек, ал оларды көру шегінен тысқары басқару мүлдем басқа», - деді Талғат Ластаев  Мұрат Жұманбайдың «Галстуксыз»  деп аталатын бағдарламасында.

Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде ұшқышсыз ұшақтарды басқару үшін бүтіндей құрылымдық бөлімге құрылады.

«Өйткені, олардың болашағы бар екендігін түсінеді. Біз қаласақ та, қаламасақ та бұл дрондар кейбір салаларда мәселен, құбыр желілері мен газ құбырларына мониторинг жүргізуде тікұшақтың орнын басады. Бұл өте арзан. Мұның барлығын саралап, заңнама әзірлеу керек. Ол үшін білімі бар адамдар қажет. Біз бұл дамудың алдын орауға тиіспіз. Ал ол үшін мұнымен айналысатын құрылым құрғанымыз жөн», - деді Талғат Ластаев.

Естеріңізге сала кетсек, Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы төрағасы Бекен Сейдахметов ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен дрондарға бақылау енгізуді ұсынған болатын. 

Соңғы жаңалықтар