ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беретін заңды тұлға айқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары туризм саласы кеңінен қанат жайып келеді. Оның ішінде басқа елдерге шыққан Қазақстан азаматтарының құқықтарының қорғалуы да басты назарға алынуы тиіс мәселенің бірі болып қалып отыр. Осыған байланысты, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің №608 қаулысы жария етті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №608
2016 жылғы 21 қазан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 10-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлға болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ