ҚР Бас әскери прокуратурасы жеңіл атлетикадан эстафета өткізеді

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - ҚР Бас әскери прокуратурасы қазанның 31-де Алматыдағы «Динамо» спорттық-дене шынықтыру қоғамының стадионында жеңіл атлетикадан эстафета өткізеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас әскери прокуратурасына сілтеме жасап.

 Аталған шара әскери ортада салауатты өмір салтын насихаттау, таныту және 2009-2010 жылдарға арналған «Нашақорлыққа әскерде орын жоқ» атты республикалық акцияны өткізу жоспарын іске асыру аясында өтеді. Оған ҚР Бас әскери прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери полициясының бас басқармасы және Қорғаныс министрлігі армиясының Орталық спорт клубы қатысады. Жарыс «Салауатты армия» деген ұранмен өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар