16:32, 16 Қазан 2013 | GMT +5
ҚР Бас әскери прокуратурасында кадрлық тағайындаулар орын алды
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Бас әскери прокуратурасында кадрлық тағайындаулар орын алды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Бас әскери прокурорының бұйрықтарымен әділет подполковнигі Балықбаев Бауыржан Арызбекұлы мемлекеттік тілді дамыту және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс құру бойынша Бас әскери прокурордың аға көмекшісі, әділет полковнигі Жүсіпов Болат Темірханұлы жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау бойынша Бас әскери прокурордың көмекшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.