ҚР Бас көлік прокурорының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 шілде күні ҚР Бас прокуроры А.К.Дауылбаевтің бұйрығымен Бас көлік прокурорының ұсынысы бойынша Бас көлік прокурорының орынбасары болып Жанысова Ләззат Бақтыбайқызы тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Л.Б.Жанысова 1968 жылы Қызылорда облысында туған, прокуратура органдарында жұмыс тәжірибесі мол.
Еңбек жолын прокуратура органдарында 1990 жылы Шу көлік прокуратурасының тағылымгері ретінде бастаған. Одан соң Жетісу көлік прокуратурасының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы авиациялық көлік прокуратурасының аға көмекшісі қызметтерін атқарған. Жоғары кәсіби деңгейіне орай 1994 жылы Бас прокуратураның орталық аппаратына жұмыс істеуге шақырылды, соңғы жылдары Бас прокуратураның шағымдары туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс қағаздарын жүргізу басқармасының бастығы лауазымында болды. Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.