ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «Fonterra» компаниясының тамақ өнімдерін әкелуге және айналымына тыйым салды
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - «Fonterra» компаниясы өндірісінің тамақ өнімдерінің, атап айтқанда балаларға арналған сүт қоспаларының, спорттық протеин қоспаларының және басқа да сусындардың бактериологиялық ластануымен байланысты жағдайды растау туралы Жаңа Зеландияның Алғашқы салалар министрлігінің ресми ақпараты және сүт сарысуының концентратында ботулизм уыты бар сәйкес емес өнімдерді кері қайтару бойынша олардың қабылдайтын шаралары негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «Fonterra» (Жаңа Зеландия) компаниясы өндірісінің тамақ өнімдерін әкелуге және айналымына тыйым салу туралы қаулы қабылдады.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жоғарыда аталған тамақ өнімдерін айналымнан алып тастау және одан әрі кәдеге жарату арқылы бақылаудағы көтерме және бөлшек азық-түлік саудасы нысандарына жоспардан тыс тексеру жүргізу бойынша, өнім сатылуы мүмкін дәріхана желілеріне, айналыммен айналысатын кәсіпорын субъектілеріне сатуға тыйым салу туралы хабарлау бойынша, сондай-ақ жоғарыда аталған компанияның балаларға арналған сүт қоспаларын сатып алуға және балаларды олармен тамақтандыруға тыйым салу туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға хабарлау бойынша тапсырма берілді.