ҚР Бас прокуратура: Барлық сайлау іс-шаралары заңның талаптарына сай жүргізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат- Үгіт-насихатты және дауыс беру процесін қоса алғанда барлық сайлау іс-шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сай жүргізілгенін атап өтеміз, делінген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау және мәслихаттардың депутаттарын кезекті сайлау барысында заңдылықтың сақталуы туралы ҚР Бас прокуратурасының мәлімдемесінде.
Бас прокуратура ақпанда және 16 наурызда БАҚ арқылы сайлау процесіне қатысушыларға сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіріп, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып екі рет ресми үндеу жасады.
«Азаматтардың сайлау құқықтарын өрескел бұзу фактілері анықталған жоқ.
Дауыс берудің қорытындыларына ықпал етпеген заңнама талаптарын сақтамаудың жекелеген фактілері ғана орын алды», делінген хабарламада.