12:33, 09 Қараша 2011 | GMT +5
ҚР Бас прокуратурасы азаматтардан өз туыстары мен жақындарын радикалды құрылымдар қатарына ілігуден сақтауға шақырады
ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы азаматтардан өз туыстары мен жақындарын радикалды құрылымдар қатарына ілігуден сақтауға шақырады. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
![None None](/static/img/plug.webp)
Атыраудағы жарылыстардың толық мән-жайын баяндай келіп ресми өкіл: «Бас прокуратура елдегі жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында екендігін, мұндай келеңсіз жәйттердің келешекте де жолы кесіліп, кінәлі тұлғалар сот алдында біздің заңдарымызға сәйкес жазаға тартылатындықтарын мәлімдейді. Мұнымен бірге, жастардың Исламның негіздерін дұрыс түсінбей, біздің халқымызға жат идеологиялы діни ағымдарға ілесу салдары осындай қайғылы жағдайларға душар ететіндігін атап өткіміз келеді. Осыған байланысты азаматтарымызды қырағылық танытып, үрейге және мұндай арандатуларға бой алдырмауға, оның ішінде өз туыстары мен жақындарын радикалды құрылымдар қатарына ілесуінен сақтауға шақырамыз», - деді.