ҚР Бас прокуратурасы: Бюджетке 92 млрд. сомасындағы шығын өтелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қадағалау шараларын күшейтті.
«Бюджетке 92 млрд. сомасындағы шығын өтелді. Сонымен қатар, мемлекетке жалпы сомасы 45 млрд. теңге болатын мүлік қайтарылды.
19 млрд.-қа жуық теңге сомасына залалдың өндірілуін қамтамасыз еткен Бас көлік прокуратурасы жұмысының оң нәтижелерін атап өту керек»,- делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар саласында алдын алу жұмыстары жүргізілген. 6 мыңнан астам бұзушылықтар анықталып, екі жарым мыңнан астам лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде, прокурорлар мемлекетке келетін 32 млрд-тан астам теңге залалдың алдын алған.