ҚР Бас прокуратурасы еңбек жанжалының туындауына кінәлілерді 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын ұсынады

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы еңбек жанжалының туындауына кінәлілерді 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын ұсынады. Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның бірінші басқармасының бастығы Алмас Мұхамеджанов хабарлады.
None
None

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында жаңа Қылмыстық кодекстің заң жобасын ұсынған оның айтуынша, жаңа кодексте еңбек жанжалын туындатушыларға жаза қарастырылғанын баса айтты. «Мұндай норма 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді А.Мұхамеджанов.

Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, балалар мен жасөспірімдерге жасалған озбырлық іс-әрекеттер де ерекше қатаңдықпен жазалау көзделіп отыр.

«Бұған қоса кімде-кім бірінші рет жаңылыс басса, онда алғашқы кезекте заң жасөспірімдер, әйелдер, зейнеткерлер және мүгедектерге жауапкершілікті жеңілдетеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар