ҚР Бас прокуратурасы «Гүлнәр-тур» туристік операторын тексеруге рұқсат берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы «Гүлнәр-тур» туристік операторын тексеруге рұқсат берді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы баспасөз мәслихаты барысындағы мәліметтерде хабарланды.
«Қазіргі кезде ҚР Бас прокуратурасы «Гүлнәр-тур» туристік операторын тексеруге рұқсат берді. ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің ақпараты бойынша аталған тексеру 10 күннен аспайды. Тексеруден кейін барлық материалдар сотқа жіберіледі», - делінген палата мәліметінде.
Белгілі болғандай, компанияның басшылары қазіргі кезде байланысқа шықпай отырған көрінеді.
Сонымен қатар әуе тасымалдаудан бөлек, тамыз-қыркүйек айларына туристік пакеттер бойынша Түркиядағы қонақүйлерде туроператор тарапынан төленбеу мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Алайда, туристік агенттіктер барлық төлемдерді «Гүлнәр-турға» толық көлемде жүзеге асырған.
«Гүлнәр-тур» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 млн. теңгеден асты.