ҚР Бас прокуратурасы Қаржы пирамидаларынан сақ болуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен ішкі істер органы тарапынан осы жылдың 15 наурызынан бастап «Questra Holdings Inc.» ұйымына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды prokuror.gov.kz.

ҚР Бас прокуратурасы Қаржы пирамидаларынан сақ болуға шақырды

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, қазіргі кезде ғаламтор мен электронды төлем құралдары қарқынды дамуда. Нарықта осы құралдарға ақшаны тиімді инвестициялаймыз деген сияқты көптеген ұсыныстар бар. Алайда көпшілік адамдар оны қалай дұрыс жасау керектігін барлығы бірдей біле бермейді. Оны алаяқтар өз мақсаттарына пайдалануда екен.

ҚР Бас прокуратурасы азаматтарды қаржы пирамидаларынан сақ болуға шақыра отырып, Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен ішкі істер органы осы жылдың 15 наурызынан «Questra Holdings Inc.» қатысты қылмыстық іс жүргізіп жатқандығын, ІІМ-не бүкіл ел бойынша тергеу ұйымдастыру үшін тергеу тобын құруға нұсқау бергендігін, Ұлттық Банкпен, ІІМ-мен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірігіп жағдайды бақылауға алып, қаржы пирамидаларының қызметтерін бұлтартпау үшін шаралар қабылдап жатқандығын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуxан палатаның пленарлық отырысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа жолдаған депутаттық сауалында Questra World қаржы пирамидасының қызметін бақылауға алуды сұрағандығын жазған болатынбыз.