ҚР Бас прокуратурасы кәсіпкерлерді құқықтық қорғау жөнінде бірнеше жобаны қолға алуда

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы кәсіпкерлерді құқықтық қорғау жөнінде бірнеше жобаны қолға алуда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов мәлім етті.
None
None

«Қазір прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлерді құқықтық қорғау жөніндегі бірнеше жобалар қолға алынуда. Ал олардың барлығы үш топқа бөлуге болады деп есептейміз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, біріншісі - заңсыз тексерулерді болдырмау. Кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғау үшін 2009 жылдан бері әрбір облыстық, қалалық, аудандық прокуратура жанында ұтқыр топтар құрылған. Олар заңсыз тексеру туралы дабыл түскен жағдайда тез арада кәсіпкерге барып, жағдайды анықтап, тиісті шаралар қабылдайды. Үстіміздегі жылы ұтқыр топтарға 758 хабарлама түскен. Олардың жартысына жуығы заңсыз екендігі дәлелденген. Нәтижесінде 4 қылмыстық іс және 32 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. 140 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

«Сонымен бірге 2011 жылдан бастап кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін бизнес тірегі деген арнайы бағдарлама іске асып жатыр. Ол бойынша кез келген кәсіпкер 115 нөміріне телефон шалып, тағайындалған тексеру туралы ақпарат ала алады. Мұндай ақпараттың онлайн режімде де интернет немесе ұялы байланыс арқылы алуға болады», - деді Ж.Асанов.

Соңғы жаңалықтар