ҚР Бас прокуратурасы шетелде сотталған Қазақстан азаматтарына жазасын Отанында өтеуге ұсыныс жасады

«Ауысу үшін сотталушының өтініш жазуы ең негізгі өлшем болғандықтан, Бас прокуратура Сыртқы істер министрлігіне шетелдерде жазасын өтеп жатқан азаматтарымыздың арасында елімізге ауысып келіп, жазасын жалғастыру мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс білдірді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 1 тамызындағы мәліметтер бойынша шетелдерде сотталған Қазақстан азаматтары 2 мыңға жуық. Қадағалаушы ведомствоның мәліметінше, сотталғандардың дені ТМД елдерінде. «Дегенмен алыс шетелдерде де жазасын өтеп жатқан отандастарымыздың саны біршама: мәселен, ГФР-да 46 адам, Корея Республикасында 22 адам, ҚХР-да 16 адам.
Қазақстан сотталғандарды қайтару туралы екіжақты келісімді Украинамен, Испаниямен, Қытаймен, Италиямен және Венгриямен жасасқан.
«Сонымен қатар, Германия, Үндістен, Иран, Корея, Монғолия, Сирия,Тайланд, Чехия, Словения, Словакия және Сауд Арабиясы елдерімен де осындай келісім жасау мәселесі шешілуде», - делінген хабарламада.