17:38, 26 Сәуір 2013 | GMT +5
ҚР Бас прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге психологиялық көмек көрсететін орталықтар желісін құруды ұсынады
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге психологиялық және заңгерлік көмек көрсететін орталықтар желісін құруды ұсынады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық істер жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың ақпан айында біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге білікті психологиялық және заңгерлік көмек көрсететін әрі оларды одан әрі оңалтатын орталықтардың кең желісін құру ұсынысын жібердік», - деді Ж.Асанов.