ҚР Бас прокуратурасы ұсталған шекарашыға қатысты жағдайға ресми түсінік берді
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуратурасы брифингі өткізіп, Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекаралық бекетіндегі оқиғадан кейін ұсталған шекарашы Владислав Челах туралы істің бүгінгі жай-жапсарының егжей-тегжейін айтып берді.
ҚазАқпарат осыған байанысты бірнеше материал жариялады.
* * *
07 Маусым 2012, 15:13
ШҰҒЫЛ: В. Челах өзінің әскери қызметтестерін өлтіргендігін мойындады - Бас прокуратура
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Владислав Челах «Арқанкерген» заставасында шекарашылар мен қорықшыны өлтіргендігін мойындады.
Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Адвокаттың қатысуымен жауап алу кезінде В. Челах өзінің әскери қызметтестерін және Руслан Кимді өлтіргендігін мойындады. В. Челахтың айтуынша, қылмысты жасауға ішкі қақтығыстар және түсіндіруге жатпайтын есінің бұзылуы себеп болған. Қылмысты жасауға көмектескендер мен басқа қатысушылардың бар болғандығын Челах үзілді-кесілді теріске шығаруда», - деді ол.
Ресми өкілдің атап өтуінше, Челахты ұстаған кезде онда капитан Кереевтің азаматтық киімі, тапаншасы, ноутбугі және бірнеше шекарашының ұялы телефондары болған.
07 Маусым 2012, 15:15
Сараптаманың нәтижесінде «Арқанкерген» шекара бекетінде мерт болған 14 әскеридің 10-ының аты-жөні анықталды - Бас прокуратура
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Сараптаманың нәтижесінде «Арқанкерген» шекара бекетінде мерт болған 14 әскеридің 10-ының аты-жөні анықталды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Қазіргі кезде геномдық сараптаманы пайдалана отырып, 10 әскеридің тұлғасы анықталды», - деді ресми өкіл.
Оның атап өтуінше, аталған факті бойынша 30 мамырда Талдықорған горнизонының әскери прокуратурасы ҚР қылмыстық кодексінің 96-бабы, 2 тармағының, а/ тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 2 және одан да көп кісіні өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Іс арнайы әскери прокурор басшылық ететін ведомствоаралық жедел тергеу тобымен тергелуде.
«Өртеніп кеткен жайлардан бекет командирі Кереевке тиесілі 1 макаров тапаншасынан басқа шекарашылардың қолында болған барлық қару табылды», - деді Н. Сүйіндіков.
07 Маусым 2012, 15:27
ШҰҒЫЛ: Владислав Челах 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - Бас прокуратура
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - «Арқанкерген» шекаралық бекетіндегі шекарашылардың өліміне қатысты Владислав Челах 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, В. Челах өзінің бұл әрекетін ішкі қақтығыстармен және түсіндіруге жатпайтын өзінің әрекетімен байланыстырып отыр.
Айта кетейік, осы факті бойынша 30 мамырда Талдықорған горнизонының әскери прокуроры қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-тармағының, а/ тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғады (2 және одан да көп кісіні өлтіру).
07 Маусым 2012, 15:38
ШҰҒЫЛ: Владислав Челахтың тергеу жауаптарының шынайылығы тексерілуде - Бас прокуратура
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Владислав Челахтың тергеу жауаптарының шынайылығы тексерілуде. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Қазіргі уақытта В. Челахтың берген жауаптарының шынайылығы тексерілуде. Сонымен бірге бекетке сырттан шабуыл жасау белгілері тергеумен анықталған жоқ», - деді ресми өкіл.
Н. Сүйіндіковтің атап өтуінше, тергеу аясында барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Оның ішінде В. Челахтың жеке басына қатысты психологиялық сараптама да бар. «Қазіргі уақытта сарапшылар 11 әскери қызметкердің аты-жөндерін анықтады. Сараптама шекарашылардың да, қорықшының да алкогольдік ішімдік ішу факторын жоққа шығарды.
07 Маусым 2012, 15:45
ШҰҒЫЛ: «Арқанкерген» шекаралық бекетіндегі байланыстың болмағанын жасырған «Сары бөктер» заставасының бастығы қамауға алынды
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - «Сары бөктер» шекаралық заставасының бастығы Алексей Фоминге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«А. Фомин биылғы мамырдың 28-мен 30-ы аралығында «Арқанкерген» шекаралық бекетімен байланыстың болмағанын қасақана жасырғаны және оның себептерін анықтау мен қалпына келтіру бойынша шара қолданбағаны үшін айыпталуда», - деп атап өтті ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, А. Фомин сот санкциясымен қамауға алынды. «Оқиға болған жерге жақын аудандарда тергеу, іздеу шаралары жалғасуда», - деп атап өтті Н. Сүйіндіков.
07 Маусым 2012, 15:57
ҚР Бас прокуратурасы Владислав Челахтың айғақтарына сәйкес кісі өлтіру хронологиясын жария етті
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Владислав Челахтың айғақтарына сәйкес кісі өлтіру хронологиясын жария етті.
Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Оның жауабына сәйкес қылмыс 2012 жылғы 28 мамырда шамамен таңғы сағат 5-тер шамасында сақшыдан басқа барлық бекет шекарашылары ұйқыда болған кезде жасалған. В. Челахтың өзі сол түні казарма бойынша кезекші және сәйкесінше қару арсеналына қол жетімділігі болған», - деді ол.
Ресми өкілдің алға тартқан деректеріне сәйкес В. Челахтың кісі өлтіру хронологиясы келесідей өрбіген. Бірінші болып бекет аумағынан алдау арқылы шығарылған сақшы өлтірілген. Одан кейін В. Челах казармаға оралып, ондағы қалған қызметтестерін атып өлтірген. Олардың 9-ы ұйықтап жатқан. Соңғы болып аңшы үйінде қорықшы Р. Ким өлтірілген.
«В. Челах құрбандары өлтіру кезінде қарусыз болғандарын атап айту қажет», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуына қарағанда, ұйқыдан тұрған кейбір шекарашылар В. Челахтың қару бағыттағанын шынайы қабылдамаған. Шекарашылар өлтірілгеннен кейін В. Челах қылмыс іздерін жасыру мақсатында әрқилы позициялардан автоматтан оқ атып, казарма бөлмелерінде оқтарды шашып, алдын ала бензин төгіп, бекеттің барлық казармалық және шаруашылық нысандарын өртеп жіберген. Осындай тәсілмен бекет аумағынан тысқары жатқан сақшы мәйіті де өртенген. Осының бәрінен кейін В. Челах өзімен бірге макаров тапаншасын, азық-түлік, қызметтестерінің бірқатар жеке заттарын алып, капитан Кереевтің азаматтық киімін киіп, оқиға болған жерден жаяу бой тасалаған.
07 Маусым 2012, 16:06
«Арқанкерген» шекара бекетінде жарылғыш зат пайдаланылған жоқ - ҚР Бас прокуратурасы
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Сараптама нәтижесіне сәйкес «Арқанкерген» шекара бекетінде жарылғыш заттың пайдаланылуы анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Өрт-техникалық сараптамамен жарылыс ошақтары және жарылғыш заттарды пайдалану фактісі анықталған жоқ», - деді ресми өкіл.
Оның атап өтуінше, басқа барлық жағдайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жалғасуда.
«Бұл оқиғаның тергелуі барысына қатысты басқа ақпараттар тергеу мүддесін ескере отырып, қосымша хабарланатын болады», - деді ресми өкіл.
07 Маусым 2012, 16:16
Владислав Челахтың ата-анасы жақын арада ұлымен кездесе алады
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Владислав Челахтың ата-анасы жақын арада ұлымен кездесе алады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Тергеу В. Челахтың жақындарымен кездесуге кедергілер туындатып жатыр деген хабарға тоқталатын болсақ, меніңше, бұл мәселе күдіктінің туысқандары тарапынан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сөздері мен нұсқауларын дұрыс түсінбеуден болып отыр», - деді Н. Сүйіндіков.
«Ешқандай да проблемалар жоқ. Оның жақын туысқандары бекітілген қылмыстық-процессуалдық заңнама аясындағы талаптарға сәйкес кездесе алады. Менің білуімше, тергеу бастамасы бойынша осындай мүмкіндік қарастырылуда», - деп түйіндеді ресми өкіл.
07 Маусым 2012, 17:07
Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін В. Челахтың айтқан мәліметтері тексеріледі
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін В. Челахтың айтқан мәліметтері тексеріледі. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Владислав Челах қазіргі кезде Талдықорғанда тергеліп жатыр. Қазіргі кезде тиісті сараптамалық шаралар жүргізіліп жатқандығына тоқталған ресми өкіл, «бізде күдіктінің айтқан мәліметтері ғана бар. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін біз оның айтқандарын тексереміз», - деді.
Ресми өкілдің айтуынша, В. Челах ұсталғаннан бері ол бұл қылмысқа қатысты әрекеттерін мойындап отыр.
«Адвокаттың қатысуымен жауап алу кезінде В. Челах өзінің әскери қызметтестерін және Руслан Кимді өлтіргендігін мойындады. В. Челахтың айтуынша, қылмысты жасауға ішкі қақтығыстар және түсіндіруге жатпайтын есінің бұзылуы себеп болған. Қылмысты жасауға көмектескендер мен басқа қатысушылардың бар болғандығын Челах үзілді-кесілді теріске шығаруда», - деді Н. Сүйіндіков.
07 Маусым 2012, 17:22
«Арқанкерген» шекаралық бекетінде қаза болғандардан алкогольдік ішімдіктер анықталмады - Бас прокуратура
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - «Арқанкерген» шекаралық бекетінде қаза болғандардан алкогольдік ішімдіктер анықталмады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Біреулер қаза болған әскерилер мас күйде болған дейді, ал кейбіреулер олар алкоголь емес, басқа заттарды пайдаланды деген қауесеттер таратып жатыр. Сонымен қатар, бүгін «Время» газетінде қаза болғандардың бірінде әйелдің іш киімі болған деген ақылға қонбайтын мәлімет таратылды. Бұның барлығы шындыққа сәйкес келмейді. Тергеу материалдарында бұндай мәліметтер мен айғақтар жоқ», - деді ресми өкіл.