ҚР Бас прокуратурасы жанындағы қоғамдық кеңесті Қ. Сұлтанов басқарады

АСТАНА 18 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамының отырысы өтті.
None
None

Жиын барысында кеңес төрағасы қызметіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов сайланды.

А. Дауылбаевтың атап өтуінше, кеңес қадағалау органдарының қызметін жетілдіруге, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігін арттыруға, прокуратура қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге көмектесетін болады.

Құқық қорғау жүйесіне тұрғындардың сенімін күшейту, құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында азаматтық қоғам рөлін арттыру жөніндегі өзекті мәселелерге жұртшылық өкілдерінің қатысуы алдағы жұмыстарының тиімді әрі жемісті өрбуіне басты кепіл болмақ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған қоғамдық кеңестің құрамына елімізге белгілі азаматтар мен беделді мамандар кірген.

Соңғы жаңалықтар