ҚР Бас прокуратурасында кадрлық өзгерістер болды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Бас прокурор Қайрат Мәмидің бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басшылығында кадрлық өзгерістер жүргізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Бас прокуратурасында кадрлық өзгерістер болды

Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппаратының басшысы қызметіне Ұлан Байжанов тағайындалды.

Бұрын осы лауазымды атқарған Жұмабай Шәмшиев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу институтының директоры қызметіне тағайындалды.