19:06, 17 Қаңтар 2011 | GMT +5
ҚР Бас прокуратурасында кадрлық өзгерістер жасалды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат. Бас прокурор Қайрат Мәмидің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басшылығында кадрлық өзгерістер жүргізілді,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппаратының басшысы болып Ұлан Байжанов тағайындалды.
Бұрын осы лауазымды атқарған Жұмабай Шәмшиев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу институтының директорлығына тағайындалды.