ҚР Бас прокуратурасының ақпарат алмасу жүйесі барлық мемлекеттік органдардың 73 мәліметтер базасын біріктіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасының ақпарат алмасу жүйесі барлық мемлекеттік органдардың 73 мәліметтер базасын біріктіреді. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев айтты.
None
None

«Қазақстанда прокуратура органдарына жоғары қадағалаушы қызметінен бөлек «құқық қорғау органдарының ядросы» мен құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру рөлі берілген. Мұндай мәртебе мен қызметтер аясында біздер құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттер арасындағы өзара ақпарат алмасу жүйесін енгіздік», - деді ол.

Оның атап өтуінше, мол ақпарат қамтылған ресурс еліміздің Бас прокуратурасы әзірлеген құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі болып отыр. Ондағы мәліметтермен танысу арнайы электронды кілтпен қорғалған арна арқылы ғана қамтамасыз етеді. Жүйеге еліміздің барлық мемлекеттік органдарының 73 мәліметтер базасы топтастырылған.

Сонымен қатар, Бас прокурор «Өзара байланысты тұлғалар» сервисі де прокуратура қызметкерлеріне жақсы көмекші болып отыр. Мәселен, іріктеп мониторинг жүргізу барысында көші-қон заңнамасын бұзған 600 адамның сот шешімімен елден шығарылуы тиіс болғаны, бірақ, олардың Қазақстан аумағында қалғаны анықталған. «Келесі мониторинг қылмыстық жауапкершілікке тартылған 635 мемлекеттік қызметшіні анықтады», - деді А.Дауылбаев.

Соңғы жаңалықтар