ҚР Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің төрағалығымен ҚР Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Оған Мемлекет басшысы Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әділ Шаяхметов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов, Жоғарғы сот, ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары атқарушы органдарының өкілдері және басқа да тұлғалар қатысты.

Алқа отырысында мемлекеттік шекара туралы заңнаманың қолданылуын тексеру нәтижелері қаралды.

Алқа қорытындысы негізінде мәселелерді қарау бойынша заңнамалардың сақталуына бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.

Соңғы жаңалықтар